16 ақпан 2023 13:26

АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетін күн аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы облысында болашақ атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында болашақ атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 ақпанда сағат 11:00-де Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы орта мектебінің акт залында АЭС құрылысы туралы көпшілік алдында тыңдау өтеді.

"Онда жергілікті тұрғындар жоба туралы пікірін білдіріп, арнайы келген сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігі болады. Біз іс-шараның ашық өтуін қамтамасыз етеміз. Кездесуді қордың YouTube және Instagram парақшаларында тікелей эфирде көруге болады.

Сонымен қатар, іс-шараға оффлайн қатысуға болады. Ол үшін Үлкен ауылына ең жақын деген Шығанақ теміржол станциясына келуіңіз керек", - делінген Samruk-Kazyna official Telegram-арнасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети