08 желтоқсан 2016 15:52

"Ағайынды төртеу" деп аталған қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасар жайлы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бұрыннан танымал "Ағайынды төртеу" атты ұйымдасқан қылмыстық тобының лидерлерінің бірі Еркін Ізбасардың ұсталғаны жайлы жаңалық елді дүрліктірді. Мүгедектер арбасына таңылған 50 жастағы Ізбасар Ақтөбеде мұнай ұрлау және сату процесін бақылады деген күдікке ілінген. Бұл қалада ол спорт меценаты ретінде аты шыққан. Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық топтың лидері жайлы мәліметтерді ашық дереккөздерден жинады. Ол сұхбаттарында өз қызметі жайлы және еркін күрестегі жетістіктері туралы сөз қозғапты. 


Қазақстанның бұрыннан танымал "Ағайынды төртеу" атты ұйымдасқан қылмыстық тобының лидерлерінің бірі Еркін Ізбасардың ұсталғаны жайлы жаңалық елді дүрліктірді. Мүгедектер арбасына таңылған 50 жастағы Ізбасар Ақтөбеде мұнай ұрлау және сату процесін бақылады деген күдікке ілінген. Бұл қалада ол спорт меценаты ретінде аты шыққан. Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық топтың лидері жайлы мәліметтерді ашық дереккөздерден жинады. Ол сұхбаттарында өз қызметі жайлы және еркін күрестегі жетістіктері туралы сөз қозғапты. 

"Мен осы жекпе-жек түрімен айналыстым, спорттың осы түріне деген қызығушылық өмір бойына қалып қойды. 1998 жылы жол апатына ұшырап, содан бері спортпен қош айтыстым. Бірақ сонда да жаттығу залына барғым келіп тұрады. Енді тек балуандарымызға қолдау көрсету үшін барамын. Жетістіктер көбейе түседі. Облыста күрес мектептері көп, жас дарындар таяуда барлық жағдайы жасалған спорт интернатында шеберлігін шыңдай алады", - депті банда мүшесі Ізбасар "Спортивная борьба Дагестана" басылымына берген сұхбатында.

ҰҚК-ның отставкадағы полковнигі Арат Нарманбетов мұндай қылмыскерлердің меценат болу арқылы елге атын шығаратынын айтады. Осылайша олар жақсы адам ретінде көрінгісі келеді екен. Нарманбетов кешегі ұстау оқиғасының ірі оқиға әрі сенсация екеніне сенімді. Айтуынша, кешегі ірі операция Қазақстан үшін елеулі оқиға екен. "Бұл қылмыстық топ Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдасы... "Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобы 25 жыл бойы бар, - дейді ол. - Күш құрылымдарына осыған дейін арнайы операция өткізіп, қылмыскерлерді құрықтауға не кедергі болды? Банда мемлекетке қарсы шығып, мемлекет мүддесіне қайшы әрекетпен мұнай ұрлап еді, дереу қолға түсті. Меніңше, бұл соңғы ұстау оқиғалары емес, аты шыққан адамдар да ұсталуы мүмкін, ол жақта бәрі бір-бірімен байланысты (...) Бұл іспен құқыққорғаушылар көп жылдан бері айналысып келе жатқанына сенімдімін", - дейді Tengrinews.kz тілшісіне Нарманбетов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 90-жылдары елді шулатқан топтар бизнесмен болып, спорттың көлеңкесінде жүр. 

Интернетте кейін "Айшуақ-Жантүгел" деп атала бастаған "Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобы жайлы көптеген мәлімет бар. Солардың бірі топтың Ақтау, Алматы қалаларындағы жанар-жағармай материалдарының, киім-кешек базарларының, автотұрақтардың және астық бизнесінің саудасына билік жүргізгені жайлы мәлімет. Бұл топқа Серік Жантүгел деген атпен танымал Серік Матышевтің, Түркменстан тумасы Құрманғали Сатыбалдиевтің, сондай-ақ 7 желтоқсанда ұсталған мүгедек Еркін Ізбасардың жетекшілік еткені жайлы да мәліметтер бар. 

"Ағайынды төртеу" өз қатарына құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерін, ауған ардагерлерін және мансап жолы сәтсіз болған спортшыларды жинағаны және солар арқылы жасақ құрғаны жазылған. 

"Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 100-ге жуық адам болған. Бұл армия ірі істерді жасап, "Абрам" деген ұйымдасқан қылмыстық топ сияқты бәсекелестеріне қарсылық көрсете алатын. Қылмыстық істерде Сары Алмаз бен "Атаба" деген күшті ұйымдар да болған" деп жазады "Криминальные авторитеты и воры в законе" басылымы.

Ашық мәліметтерге сүйенсек, Еркін Ізбасар қашып жүрген Бергей Рысқалиевтің туысы екен. Еске салайық, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети