16 ақпан 2014 12:15

"Ақбұлақ" кешенінде бір адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматы облысындағы "Ақбұлақ" тау шаңғысы базасында бір азамат зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Бұл оқиға 15 ақпан күні ертеңгісін орын алды. Жарақат алған азамат Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласының емханасына облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің көмегімен жеткізілген. Оқиғаның себеп салдары әлі айтылған жоқ. Бұдан бұрын Алматы облысында қар көшкінінен 30 жастағы жігіт қайтыс болған еді. Бұл төтенше жағдай Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар-2 елдімекенінде тіркелген еді. 31 қаңтар күні "Ақбұлақ" кешенінде көшкіннің алдын алу жұмыстары кезінде оқыстан көшкін болып, ер адамды басып қалған. Бұл азамат ерікті ретінде жұмыс істеп жатқан көрінеді. Оның денесін қар астынан сауықтыру кешенінің құтқарушылары алып шыққан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети