15 маусым 2015 11:34

Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбай. ©Vk.com Ақжарқын Тұрлыбай. ©Vk.com

Гуанчжоу соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім шығарды, ол есірткі тасымалдағаны үшін қамауға алынған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі келіншектің адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовқа сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. "Біздің тарап Гуанчжоу сотының шешімімен келіспейді. Апелляциялық инстанцияға үкімге шағым келтіреміз, оның қорытындысын қызығушылық танытқан адамдар біле алады", - деп хабарлады адвокат. Ол сотта Қазақстан СІМ өкілдері мен Ақжарқын Тұрлыбайдың туыстарының қатысқанын хабарлады.

Еске салайық, 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінде есірткі заттары табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети