15 маусым 2015 16:39

Ақжарқын Тұрлыбай отанына экстрадициялануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қытайда есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық азаматша отанына экстрадициялануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін СІМ Қазақстан азаматшасына байланысты пікір білдірді.


Қытайда есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық азаматша отанына экстрадициялануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін СІМ Қазақстан азаматшасына байланысты пікір білдірді.

"Қазақстан мен Қытайдың арасындағы стратегиялық достастық қарым-қатынасының негізінде 2011 жылы біздің елдердің арасында сотталған азаматтарды айырбастау туралы келісімшартқа қол қойылған. Бұл келісімшартты 2013 жылы біздің елдің Парламенті ратификациялады. Халықаралық-дипломатиялық, халықаралық тәжірибеге сәйкес, мұндай келісімшарт Қытай тарапының ратификациялауынан кейін күшіне енеді. Қазіргі уақытта Қытай тарапы ратификациялау мәселесін қарастырып жатыр. Оның қашан күшіне енетіні қытайлық тараптың ратификациясына байланысты. Ратификациялық нормалармен айырбас тәртібі бекітілген. Әрмен қарай Ақжарқынды және басқа сотталғандарды айырбастау мәселесі құқық қорғау органдары желісі арқылы жүргізіледі, нақтырақ айтсақ Бас прокуратура осы іспен айналысады. Бұл келісімшарттың мәліметтері мен әдістерін сол ведомство түсіндіріп бере алады", - деп хабарлады бүгін Астанада ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

Ол Қытай тарапының қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды 4,5 келі қоспа есірткіні тасымалдау бойынша айыптағанын атап өтті.

"Біздің консулымыз бірнеше мәрте Ақжарқынмен кездесті, оның жағдайы қазіргі уақытта қалыпты деуге болады, жаза өтеу орындарында ол өзін жақсы сезінеді. Біз мұның барлығын бақылаймыз. Ақжарқынның жанұясы мемлекеттік адвокаттың қызметіненен бас тартты. Біз жеке адвокаттарды жалдадық, сонымен қатар Қазақстан қорғаушыларын да жалдадық. Барлық сот отырысына қатысып, консулдық-құқықтық көмек көрсеттік", - деді Әбибуллаев. Ол қазақстандық дипломаттардың отандасымыздың жағдайына алаңдаулы екенін айтып өтті.

Айта кетейік, Гуанчжоу соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім шығарды. Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов айтып берді. "Біздің тарап Гуанчжоу сотының шешімімен келіспейді. Апелляциялық инстанцияға үкімге шағым келтіреміз, оның қорытындысын қызығушылық танытқан адамдар біле алады", - деп хабарлады адвокат.

Еске салайық, 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінде есірткі заттары табылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети