26 қыркүйек 2014 12:40

Әкім 100 мұнайшының жұмыстан шығарылу себебін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©yk-news.kz ©yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Тарбағатай Мұнай" ЖШС-нің 100 қызметкерінің жұмыстан шығарылу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Тарбағатай Мұнай" ЖШС-нің 100 қызметкерінің жұмыстан шығарылу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз арнайы комиссия құрдық. Сіздер білесіздер, барлық кәсіпорынмен үшжақты келісім жасалды: жұмыс беруші - жұмысшы - кәсіподақ. Келісімнің барлық қатысушысы жұмыс тобының құрамына кіреді. Топ барлық мәселені қарады. Бір ай бұрын "Тарбағатай Мұнай" басшылығы 100 жұмысшыны шақырып, олардың қысқартылатынын айтқан, оған себеп Қытай тарапынан бөлінетін инвестицияның азаюына байланысты оңтайландырудың жүргізілуі", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Әкімнің айтуынша, 100 жұмысшының 65-і - Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны. Оларға басқа жұмысқа ауысу ұсынылып, үш айлық жәрдемақы бөлінген. "Қазір Энергетика министрлігі мен Қытай тарапы инвестиция көлемін қысқартпау және азайтпау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл мәселе шешілсе, жұмысшылардың бәрі қайта алынады. Бүгінде 65 жұмысшының 10-ын біз жұмысқа орналастырдық, егер Энергетика министрлігі мен қытайлықтар үш ай ішінде мәселені шешпесе, қалған жұмысшыларды біз жұмысқа орналастырамыз", - деді Сапарбаев.

Сапарбаев Зайсанда жұмысшыларды еңбекпен қамтуға жұмыс орындары жеткілікті екенін айтты. "Бірақ бұрын олардың жалақысы біз ұсынған жұмысқа қарағанда, жоғары болды. Енді бұл мәселе біздің бақылауымызда, онымен айналысып жатырмыз", - деді аймақ басшысы.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети