25 наурыз 2014 14:07

Әкімдік ғимаратына ту ілмеген ауыл әкіміне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Павлодар облысында ауыл әкімі әкімдік ғимаратына мемлекеттік ту ілмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық сотқа сілтеме жасап. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "ҚР мемлекеттік рәміздерін қолдану тәртібін бұзу" бабы бойынша жауапқа тартылған әкімге айыппұл салынды. "Сот Павлодар облысы Алексеев ауылдық округінің әкімі Сымбат Шахметованы 3-6 наурыз аралығында әкімдік ғимаратына ҚР Мемлекеттік Туын орнату мен орналастыруды қамтамасыз етпеу түріндегі әкімшілік құқықбұзушылықты жасауға кінәлі деп тапты. Соттың қаулысымен оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі сомасы 370 400 теңге болатын әкімшілік айыппұлды мемлекет пайдасына аудару жазасы белгіленді", - деп хабарлады сот өкілдері. Сот отырысы барысында ауыл әкімі өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Оның айтуынша, әкімдік ғимаратындағы ескі ту әбден тозып кетіп, ауыстыруды қажет етіп тұрған. Сол себепті ол туды алып тастауды бұйырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети