24 мамыр 2022 01:35

Ақмола облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Думан Таев Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Думан Таев Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жаңа басшыны Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды. 

Думан Таев 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастады.

1991-2004 жылдар аралығында Петропавл ІІБ-да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 жылы Есіл ауданының ішкі істер бөлімін басқарды, сол жылы Петропавл қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.

Әр жылдары СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Ғ.Мүсірепов ауданының ІІБ басшысы, Петропавл қаласының ІІБ бастығы, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети