21 қаңтар 2016 12:57

Ақмола облысында ата-анасынан қорыққан 20 жастағы қыз өз нәрестесін қораптан тауып алдым деген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Uaua.info © Uaua.info

Ақмола облысының тұрғыны ата-анасынан қорыққаннан өзінің нәрестесін қораптан тауып алдым деп айтқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілдері айтып берді.


Ақмола облысының тұрғыны ата-анасынан қорыққаннан өзінің нәрестесін қораптан тауып алдым деп айтқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілдері айтып берді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 қаңтарда болды. "Cағат 20.00-де Целиноград ауданы ІІБ кезекші бөліміне Қоянды ауылының 1996 жылғы тұрғынының таңғы кезде қораптан нәресте тауып алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында хабарлама берген қыздың нәрестенің анасы екені анықталды", - деді облыстық полиция қызметкерлері.

Қыздың ата-анасынан жүктілігін жасыру мақсатында осындай қадамға барғаны анықталып отыр. Оның үстінен "Көрiнеу жалған сөз жеткiзу" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазір нәресте қыз да, анасы да ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, соңғы кезде Қазақстанда жас аналардың өз баласын тастап кету дерегі көп тіркеліп жатыр. 18 қаңтарда Маңғыстау облысынан өлі нәресте табылды. Ал 8 қаңтарда жас қыздың нәрестесін жол бойындағы әжетханаға тірідей тастап кеткені анықталды. Осыдан бес күн өткеннен кейін Жамбыл облысында тас жол бойынан тағы бір нәрсте табылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети