04 наурыз 2014 14:33

Ақмола облысында миллиард теңгеге жуық мұнай ұрлығы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар мұнайхимия зауыты. ©pnhz.kz Павлодар мұнайхимия зауыты. ©pnhz.kz

Ақмола облысында Павлодар мұнайхимиялық зауытының миллиард теңгеге жуық мұнай ұрлығы анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Bahyt Petrol Group" ЖШС-нің лауазымды тұлғасына қатысты "Меншіктеп алу немесе бөтен біреудің сеніп тапсырған дүние-мүлкіне айрықша ірі көлемде ысырап қылу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің лауазымды тұлғасы 2013 жылдың қаңтар айынан қазірге дейін "Павлодар мұнайхимия зауытынан" қабылдаған жалпы көлемі 4500 тонна болатын АИ-80 маркалы бензин мен 3600 тонна болатын АИ-92 маркалы бензинді сақтау орнына оны жұмсап қою жолымен қымқырған деп күдіктеліп отыр", - делінген таратылған хабарламада. Қаржы полициясының мәлімтінше, осының салдарынан Павлодар мұнайхимия зауытына 900 миллион теңге залал келтірілген. "Қылмыстық іс тергелуде, оның қорытындысы жұртшылыққа хабарланатын болады", - деді Ақмола облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети