14 қазан 2015 17:24

Ақорда Назарбаевтың жәрмеңкеде ағаш қылышты сатып алып жатқан сәтін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com/akordapress © Instagram.com/akordapress

Ақорда Назарбаевтың жәрмеңкеде ағаш қылышты сатып алып жатқан сәтін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақорда Назарбаевтың жәрмеңкеде ағаш қылышты сатып алып жатқан сәтін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жәрмеңкеде ағаштан жасалған қылышты көріп, оны қалай сатып алып жатқаны жайлы видеоны Ақорда Instagram желісіндегі ресми парақшасында жария етті. Қысқа видеожазбада Мемлекет басшысы Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып өткен жәрмеңкеде дүкенге келіп, өзіне қолөнер сатып алмақшы болғаны бейнеленген. Президент ағаштан жасалған екі қылышты ұстап көреді, бұдан кейін сатушы оған өнімнің әрқайсысын 5 мың теңгеден сатады.  

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды облысының Шахтинск қаласының шебері Ермек Кәрім Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзі жасаған ағаш қылышты сатқанын әңгімелеп берген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети