18 қараша 2015 | 12:11

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевқа баға жөніндегі келісімдер жайлы деректер баяндалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевқа баға жөніндегі келісімдер жайлы деректер айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіп жатыр. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы он айының қорытындысы жайлы баяндаманы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев жасады. 

Иконка комментария блок соц сети

"Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын ұстап тұруға ерекше назар аударылып жатыр. Бүгін елдің барлық өңірінде ұлттық экономика министрлігі дәрілік құралдарды, жанар-жағармай материалдарын және өндіріс тауарларын жеткізу бойынша баға келісіміне 74 тергеуді тағайындады. Бағаның негізсіз көтерілуі мәселелері үкімет пен әкімдердің әрдайым бақылауында", - деп хабарлады Досаев.

Ұлттық экономика министрі келесі мәліметтерді келтірді: Қазақстанның биылғы тоғыз айының экспорты 42,5 пайызға, ал импорты 23,8 пайызға қысқарды. Теңге бағамының әлсіреуіне байланысты қазан айында инфляция 5,2 пайызды құрады, ал жылдық мөлшерде - 9,4 пайыз болды. Республикада жұмыссыздық деңгейі тоғыз айдың қорытындысы бойынша 4,9 пайызды құрады.

Айта кетейік, таяуда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесінің дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети