01 сәуір 2014 18:38

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Астанада Украинаға қатысты ұстанымын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ниша Десаи Бисвал. ©REUTERS Ниша Десаи Бисвал. ©REUTERS

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ниша Десаи Бисвал Астанадағы  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ниша Десаи Бисвал Астанадағы  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бұл дағдарысты шешудің жалғыз жолы дипломатия мен әскери шиеленісті бәсеңдетуде деп есептейміз. Біз халықаралық құқық шеңберінде бейбіт жол іздестіру бағытында БҰҰ-мен, еуропалық серіктестермен, сондай-ақ Ресеймен жұмыс жүргізуді жалғастырамыз", - деді Бисвал.

Ол АҚШ пен халықаралық қоғамдастықтың Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаушылар екенін және тұрақты әрі демократиялық ел құрылуы үшін украин халқына қолдау көрсетуге әзір екенін айтты. "Біз украин халқы аймақтағы өзге де халықтар сияқты Ресеймен арадағы тату байланыс пен әлемнің өзге бөлігімен байланысты кеңейтудің арасындағы таңдау алдында тұрмайды деп сенеміз. Президент Обама айтқандай, "Біз Украина халқының өз тағдырын өзі анықтап, АҚШ-пен, Ресеймен, Еуропамен - өз таңдауы бойынша кез келген елмен жақсы қарым-қатынас қалыптастырғанын қалаймыз", - деді АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісі Ниша Десаи Бисвалмен кездескені хабарланған еді. Келіссөздердің басты тақырыбы сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық турасында болды. Ерлан Ыдырысов америкалық компаниялардың еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына белсенді қатысуына мүдделі екеніміз туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезисін қайталады. Ол сондай-ақ АҚШ кәсіпорындарын EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.

Тараптар халықаралық саясат пен аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша, соның ішінде, Украинадағы ахуал жөнінде де пікір алмасты. Айта кетейік, 1993 жылдан бері еліміздің экономикасына 25 млрд доллардан астам америкалық инвестиция құйылған. Қазақстанда экономиканың шешуші секторларында 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2013 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,75 млрд долларды құрады, бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 9%-ға көп.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети