11 мамыр 2016 13:11

АҚШ-та Әблязов пен Храпунов жымқырған 21 миллион долларға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та Әблязов пен Храпуновтың жымқырған 21 миллион долларына тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


АҚШ-та Әблязов пен Храпуновтың жымқырған 21 миллион долларына тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БТА Банкінің, Алматы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің біріге атқарған жұмысының нәтижесінде АҚШ-та Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновтың қылмыстық тобы жымқырған ондаған миллион долларына тыйым салынды. 

2014 жылдың мамырында Алматы қаласының билігі Виктор Храпунов пен оның қосылма тұлғаларына қарсы АҚШ-тағы Калифорния штатының сотына арыз түсірген болатын. Процесс Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің заңгерлік қадағалауымен өтті. Тараптардың мәліметтерді ашу процедураларының нәтижесінде Қазақстаннан шығарылып, жымқырылған активтер анықталған.   

"Қылмыстық қудалаудан және жымқырған қаражатының тәркіленуінен сақтанған Виктор Храпунов пен Мұхтар Әблязов АҚШ құзыретінін активтерді шұғыл шығару мақсатында мүлікті сата бастаған. Нақтырақ айтқанда, Нью-Йорктегі апартаментінің қонақүйді қайта құрылымдау бойынша жобаларға айтарлықтай жеңілдіктер жасалған. Құйылған 40 миллион доллардың орнына Әблязов пен Храпунов өз үлестерін 21 миллион долларға сатуға тырысқан. Алайда олардың арасында және девелопердің арасында сот дау шыққан. Бұл процесске БТА Банкінің, Алматы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі араласты. Нәтижесінде 21 миллион доллар көлеміндегі қаражатты өткізуге тыйым салынды. Қазіргі уақытта АҚШ-тың федералды сотында және Нью-Йорк штатының сотында тоқтатылған қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады министрліктегілер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети