02 маусым 2015 23:47

АҚШ-та Диас Қадырбаев алты жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ctvnews.kz ©Ctvnews.kz

АҚШ-та қазақстандық студент Диас Қадырбаев 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-та қазақстандық студент Диас Қадырбаев 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бостон аймақтық соты Диас Қадырбаевты 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотта Диас Қадырбаев лаңкестік жасады деген күдікті Джохар Царнаевты таныған кезде полицияға хабарламағанын айтты. Сонымен қатар, ол жатақханада Царнаевтың бөлмесінен тергеуге қажетті заттарды жинап тастағанын да мойындады. "Мен соншалықты ақымақтық істегеніме сене алар емеспін", - деді ол.

Осыған дейін АҚШ-та федералдық прокурорлардың Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деп айыпталған Диас Қадырбаевты жеті жылға соттауды сұрағаны хабарланған болатын. Прокурорлардың айтуынша, Царнаевтың марафонда жарылыс жасау туралы жоспарын Диастың білгені немесе сол лаңкестік әрекетте қандай да бір рөл атқарғаны туралы еш дәлел жоқ. Дегенмен, олардың айтуынша, оның суретін жаңалықтардан көргеннен кейін ол полицияға хабар беруі керек болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети