29 ақпан 2016 13:17

АҚШ-та өлтірілген қазақстандық жасөспірімдердің аты-жөні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Кomonews.com © Кomonews.com

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық жасөспірімдердің аты-жөні және олардың асырап алынуы жайлы толығырақ белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым минситрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық жасөспірімдердің аты-жөні және олардың асырап алынуы жайлы толығырақ белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым минситрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Білім және ғылым министрлігі АҚШ азаматтары асырап алған қазақстандық балалардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, 1997 жылғы Тимур Даниярұлы Көктиев пен 1999 жылғы Дамир Дулатұлы Әбрахманов (асырап алғаннан кейін - Карлсон Тори Тимур және Карлсон Куинн Дамир) Ақмола облысы Көкшетау қаласының тумасы болған, олар Щучинсктегі Балалар үйінде тәрбиеленген.

Ақмола облысы Щучинск аудандық сотының Көктиев пен Әбрахмановты асырап алу туралы үкімі заңды күшіне 2002 жылы енген. Ол кезде Тимур 5 жаста, Дамир 3 жаста болыпты.

Оларды 1957 жылғы Терри Уильям Карлсон мен 1966 жылғы Лана Джейн Карлсон есімді АҚШ азаматтары асырап алған. Асырап алу кезінде олар Вашингтон штатындағы Сиэтл қаласында тұрған.

"ҚР Білім және ғылым министрлігі жағдайды мұқият қадағалап, ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірге жұмысын жалғастырады", - деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, жұма күні, 26 ақпанда Белфэйр қаласының 51 жастағы тұрғыны Дэвид Кэмпбелл өзінің 49 жастағы әйелі Лана Карлсонды және асырап алғанын ұлдарын атып тастаған болатын. Олар 18 және 16 жастағы Тори мен Куинн. Осыдан кеійн ер адам көшеге шығып, өз-өзін атқан. Көршілері жасөспірімдердің бір-бірімен орысша сөйлесетінін, сондықтан да Ресейде асырап алынған деп есептеп келгендіктерін айтып берген.

Кейін олардың Қазақстанда асырап алынғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети