01 наурыз 2016 15:15

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Вашингтонда өлтірілген қазақ балаларына қатысты ресми мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Ақмола облысынан асырап алынған балалардың Вашингтонда өлтірілуі ісіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Ақмола облысынан асырап алынған балалардың Вашингтонда өлтірілуі ісіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы Қазақстанда туып, кейін америкалық отбасының асырауына берілген екі жасөспірімнің өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаны күйзеліспен қабылдады. АҚШ халқы Қазақстан халқының қайғысына ортақтасады. АҚШ-тың құқық қорғау органдары қазіргі уақытта болған оқиғаның нақты мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Оқиғадан кейін АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы Астанадағы Сыртқы істер министрлігімен дереу байланысты, АҚШ Мемдепартаменті де Қазақстанның Вашингтондағы елшілігімен байланысты", - делінген мәлімдемеде. 

Елшіліктегілер Қазақстанның ресми өкілдері мен АҚШ-тағы балалардың әлеуметтік қорғау мәселесімен айналысатын сәйкес органдарымен байланысын қамтамасыз етуді жалғастырады. "АҚШ дипломатиялық миссиясы Қазақстаннан америкалық отбасыларға асырауға берілген балалардың басым бөлігінің, бұл 6600 адам, жақсы жағдайда өмір сүріп жатқанын, америкалық қоғамның дамуына өз үлесін қосып жатқанын атап өткісі келеді", - деп қорытындылады елшілік өкілдері.

Еске салайық, жұма күні, 26 ақпанда Белфэйр қаласының 51 жастағы тұрғыны Дэвид Кэмпбелл өзінің 49 жастағы әйелі Лана Карлсонды және асырап алған ұлдарын атып тастаған болатын. Олар 18 және 16 жастағы Тори мен Куинн. Осыдан кейін ер адам көшеге шығып, өз-өзін атқан. Көршілері жасөспірімдердің бір-бірімен орысша сөйлесетінін, сондықтан да Ресейде асырап алынған деп есептеп келгендіктерін айтып берген. Бірақ олар қазақ балалары болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети