13 наурыз 2014 16:43

АҚШ Украина жанжалын шешуде Қазақстанға иек артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барак Обама. Иллюстрация. ©Tengrinews.kz Барак Обама. Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

Қазір АҚШ-та жүрген саясаттанушы Ерлан Қарин Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың телефонмен сөйлесуі жөнінде түсінік берді. Ол Tengrinews.kz тілшісіне америкалық сарапшылардың украин дағдарысы туралы пікірталастары жайлы да әңгімеледі Қариннің айтуынша, Обама мен Назарбаевтың әңгімелесуі - Ақ үйдің бастамасы. "Менің америкалық әріптестерімнің айтуынша, еуропалық жетекшілердің бірқатарымен Обама емес, вице-президент Байден сөйлескен. Назарбаевпен әңгімелескен - Обаманың өзі және бұл Вашингтонда Астанамен қарым-қатынасқа, Қазақстанның рөліне қалай мән берілетінін көрсетеді", - деп атап өтті саясаттанушы. Барак Обаманың Назарбаевқа хабарласып отырғаны бірінші рет емес. Қариннің айтуынша, мұндай жағдай 2010 жылы болған. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда ғаламдық антиядролық саммитте болған, ал Қырғызстанда екінші төңкеріс болып жатты. "Ол кезде Бакиев жасырынып жүрсе де, өкілеттігін беруден бас тартқан еді. Сол уақытта Обама, Назарбаев және Медведев жағдайды егжей-тегжейлі талқылап, алгоритм ойлап шығарды. Кейін Бакиев Қырғызстаннан әкетіліп, Таразда ол өз өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеме жазды. Астананың әрекетін сарапшылар бағаламаса да, бұл анық көрініп тұрды. Сол кезде Қазақстан жағдайды жылдам шешкен еді. Ушығып тұрған ахуал басылып, ең бастысы, азаматтық соғыс қаупі сейілді. Сондықтан Обама мұндай мәселелерді шешудегі Қазақстанның әлеуетін біледі", - дейді Қарин. Саясаттанушы Украинадағы ахуалдың ең алғашқы күндерінен бастап, Обамаға түрлі америкалық сарапшылар мен саясаткерлердің наразы болғанын атап өтті. "Негізінен, республикалықтар, соның ішінде, сенатор Маккейн наразы. Олардың бәрі Обаманы тартыншақтығы үшін, жағдайға батыл араласа алмағаны үшін, ситуацияны Мәскеудің еркіне қалдырғаны үшін сынады. Ресей Қырымға әскер кіргізуі немесе оған аннексия жасауы мүмкін екендігі айтыла бастағанда Обаманы сынау одан әрі күшейді", - дейді қазақстандық сарапшы. Қариннің пікірінше, АҚШ саясаткерлері арасында Украинадағы ахуалды реттеу мәселесінде жұмсақтықты да, қатаңдықты да қалайтындар көп. "Сарапшылар оқиғалардың бұлай өрбуі мүмкін екенін ешкімнің болжай алмағанын мойындайды. Майдан, төңкеріс, Януковичтің аластатылуы - бұлай болары түсінікті еді, бірақ жағдайдың қарулы күштердің араласуына дейін ұласатынына ешкім дайын болған жоқ. Қазір сарапшылар қоғамдастығы түгелдей украин тақырыбына ауысқан. Кем дегенде, бес-алты талдау орталығы дөңгелек үстелдерінің, басқа да шараларының тақырыбын аяқасты өзгертті", - дейді саясаттанушы. Сұхбат берушінің айтуынша, соңғы күндері АҚШ-та жағдайдың Орталық Азияға әсері туралы түсініктемелер мен жарияланымдар көбейді. "Пікірлердің көбі ұқсас, әсіресе, "Орталық Азия елдері Ресейдің бұл аймақта да өз мүддесі бар екенін ескере отырып, жағдайдың дамуын мұқият бақылауы керек" және "Орталық Азия көшбасшылары сырттай Мәскеуді қолдағанымен, іштей украин дағдарысын әлемдік жетекшілердің шешкенін қалайды" деген сияқты", - дейді Қарин. Саясаттанушы пікірлердің көбіне сақтықпен қарау керектігін айтады. "Америкалық тарап бұл өңір елдерінде Ресейге қатысты белгілі бір көзқарас қалыптастыруды қалайды. Мәскеудің әрекеттері, әрине, аймақтың тұрақсыздығына қауіп төндіреді, бірақ бұл жағдайда АҚШ-қа ғана үміт артып, бәрін біржақты бағалауға, Мәскеуге теріс көзбен, Батысқа оң көзбен қарауға тағы болмайды", - деді Қарин. Саясаттанушы АҚШ сарапшылары арасындағы "АҚШ Ресейге қатысты ештеңе істей алмайды, тіпті Ресей радикал сценариймен жүрсе де, АҚШ оған әсте кедергі бола алмайды" деген пікірге ерекше тоқталды. "Америкалық сарапшылар сол себепті Вашингтон үнсіз келісуі тиіс, бірақ есесіне Украинаның батысын, Киевті, Киевтегі жаңа билікті сақтап қалуы керек деп отыр. Бұл - үлгі боларлық пікір", - дейді сарапшы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети