11 желтоқсан 2022 10:49

Ақтауда 51 жастағы әйел үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау тұрғыны Айсара Шоқтыбаева үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына еріктілер мен полицейлер жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтау тұрғыны Айсара Шоқтыбаева үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына еріктілер мен полицейлер жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, 51 жастағы әйел 8 желтоқсанда сағат 10-дар шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып, қайта оралмаған.

Белгілері: арық, бойы 165-170 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр. Көзілдірік тағып, бір аяғын сылтып басады. Жоғалған күні оның үстінде ақшыл күрте мен басында көк түсті бас киім болған.

Іздестіріліп жатқан әйел адамға қатысты қандай да бір ақпарат болса, департаменттегілер +7(700)499-72-92, +7(700)729-20-12 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети