Ақтауда жүргізушілер "разборка" ұйымдастырып, соның салдарынан олардың бірі ауруханаға жатқызылып, ал екіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды "Лада" сайты жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Ақтауда жүргізушілер "разборка" ұйымдастырып, соның салдарынан олардың бірі ауруханаға жатқызылып, ал екіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды "Лада" сайты жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Бұл оқиға кеше күндіз, 8 маусым күні 13 ықшамаудандағы 24 нөмірлі үйдің қасында болған. Jeep Wrangler мен Toyota Camry автокөлігінің жүргізушілері жолдың өту бөлігінде бір-бірімен ерегесіп қалған.
Джип көлігінің рөлінде отырған жүргізушінің сөзінше, қарсыласы автокөліктен досымен бірге шығып, ашумен оған қарай жүрген. Саны жағынан басымырақ болғанын түсінген джип көлігінің жүргізушісі газды тапаншаны алып, өзіне қарай келе жатқан жігіттерге тақаған.
"Шабуыл жасаушылар бірден тоқтап, қаша жөнелді, - деп хабарлайды біздің дереккөз. - Джип көлігінің жүргізушісі кетіп қалудың орнына, олардың ізіне түсіп, ауаға қарай оқ атқан. Кейін тапаншада оқ таусылғанда, Toyota Camry көлігіндегі жүргізуші жігіт керісінше оның артынан қуып, үйлердің бірінің кіреберісінің алдына келген кезде ұстап алған. Оны темір трубамен ұрған. Алайда Джип көлігінің жүргізушісі қашып жүріп "102" нөмірін теріп үлгерген, оқиға болған жерге көп кешікпей полиция келіп жеткен".
Зардап шегуші ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілген. Ал күдіктіге қатысты айтатын болсақ, ол 28 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазір ол полицияға түсініктеме беруде.
Еске сала кетейік, 2014 жылы Ақтаудың 29 ықшамауданның алдындағы жолда жүргізушілер арасында "разборка" болғаны туралы бейне материал Интернетте жарияланған болатын. Ол кезде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.