18 шілде 2016 16:34

Ақтөбе мен Алматыда болған шабуылдар ұқсас - пікір

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК отставкадағы полковнигі Арат Нарманбетов Алматыда бүгін болған оқиғаға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Арат Нарманбетов шабуылдың алдын ала жоспарланған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. 


ҚР ҰҚК отставкадағы полковнигі Арат Нарманбетов Алматыда бүгін болған оқиғаға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Арат Нарманбетов шабуылдың алдын ала жоспарланған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

"Мен Ақтөбе мен Алматыда болған шабуылдың ұқсас екендігін атап өткім келеді. Ақтөбеде 26 не 27 лаңкестің болғандығын айтқан. Сол кезде нысандарға жақындай бастағанда адамдар бөлінген. Әрине қазір бір шешім шығару қиын, бірақ менің ойымша бүгінде үлкен топ болуы мүмкін. Сондай-ақ, менің ойымша бұл шабуыл бұрыннан дайындалған: нұсқауларды басқа бір орталықтан беріп отырған. Қазір өзіңіз көріп отырғандай барлық жерде белсенді ету жалғасып жатыр. Еуропада да, Түркияда да, бізде де. Әрине соңғы шабуылдар Алматыда тыныш отырған топтардың әрекет жасауына түрткі болуы мүмкін. Алайда менің ойымша оларға өздерінің бой көрсетуін ДАИШ-тың әлемде белсенді бола түсуі әсер еткен сияқты. Өзінің кең жайылғандығын көрсету үшін", - деді ҚР ҰҚК отставкадағы полковнигі Арат Нарманбетов.

Еске салайық, 18 шілдеде 11.00-де Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалып, бір полицей жарақат алған болатын, осыдан кейін қылмыскер автомат қаруын алып, жасырынған еді. Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети