21 қараша 2015 11:27

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың ұлы әкімдіктегі қызметінен кетуді ұйғарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың ұлы Максим Чаркин әкімдіктегі қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Диапазон" облыстық білім беру басқармасының жетекшісі Жанат Самұратоваға сілтеме жасап.


Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың ұлы Максим Чаркин әкімдіктегі қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Диапазон" облыстық білім беру басқармасының жетекшісі Жанат Самұратоваға сілтеме жасап.

"Облыстық білім беру басқармасының басшысының орынбасары Максим Чаркин жұмыстан кету туралы арызды өз еркімен жазды, - деді Жанат Самұратова облыстық мәслихаттың кеңейтілген отырысынан кейін. - Келесі аптада ол қызметінен босатылады".

Бұған дейін Сара Нұрқатованың өзі де қызметінен кету туралы арыз жазған болатын. Әзірше ол қызметін атқарып жатыр. Оған дейін оның келіні де әкімдіктегі қызметінен кетті. Алуа Қасымова жастар ісі жөніндегі басқарма басшысының орынбасары болды. Ол өз күйеуінің орнына келген.


Сара Нұрқатова. © ortcom.kz

Еске сала кетейік, "Нұр Отан" партиясына қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатоваға оның жақын туыстарының жетекші қызметтерде жұмыс істейтіні үшін жұмыстан кетуге ұсыныс жасаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети