24 сәуір 2014 11:28

Ақтөбе облысында полиция қызметкері екі баланы өрттен құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қандыағаш қаласы желілік полиция бөлімінің старшинасы Нүркен Есенжол. Фото diapazon.kz сайтынан алынды Қандыағаш қаласы желілік полиция бөлімінің старшинасы Нүркен Есенжол. Фото diapazon.kz сайтынан алынды

Ақтөбе облысында полиция қызметкері екі баланы өрттен шығарып алды, деп жазады "Диапазон" газеті.


Ақтөбе облысында полиция қызметкері екі баланы өрттен шығарып алды, деп жазады "Диапазон" газеті.

11-сәуірде Қандыағаш қаласында төртінші қабаттағы пәтердің есігі өртенген. Үш ер адам үйден шыға алмай, терезеден көмек шақырған. Осы кезде қаланың желілік полиция бөлімінің старшинасы 35 жастағы Нүркен Есенжол көп пәтерлі тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатқан. Ол дереу өрт сөндірушілерге хабар беріп, тұрғын үйдің кіре берісіне қарай жүгіріп, өртті сөндіруге көмектесу үшін көршілердің есігін қаққан.

Полиция қызметкері төмен қарай түскенде аулада әйел адамның жылап отырғанын көреді. Ол бесінші қабатта өзінің екі баласы қалып кеткенін айтқан. "Мен подъезге қайта кірдім, қатты түтін болды, тек үшінші талпыныста ғана көтеріле алдым. Дем алу мүмкін болмады. Пәтерге қалай кіргенім есімде жоқ, қыз бен ұл баланы ұйықтайтын бөлмедегі көрпенің астынан таптым. Тұншығып қалмас үшін қыздың басын дымқыл орамалмен орап, барлығымыз бірге подъездге қарай жүгіріп шықтық", - деп еске алады полиция қызметкері.

Ұл баланы көтеріп алу үшін подъезде полиция қызметкеріне жас жігіт көмектескен. "Ол кезде мен ештеме ойлағаным жоқ, тіпті ойлануға да мұршам болмады. Барлығы тез болды. Қызды төмен түсірдім де кетіп қалдым. Ертесіне балалардың әкесі келді. Қазір біз олармен жиі кездесіп тұрамыз. Ол енді "бұл сенің де қызың" деп айтады", - дейді Нүркен Есенжол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети