18 маусым 2015 13:49

Ақтөбе облысының билігі малдың қырылуының себебін атай алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ақтөбе облысының билігі киіктердің қырылуының себебін атай алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстың екі ауданында - Әйтеке би және Ырғыз аудандарында малдың қырылуы дерегі бірінші рет осы жылдың 2 маусымында тіркелген. Сол уақытта жеке шаруашылықтарда 65 бас жылқы, 58 сиыр және шамамен 250 бас ұсақ қара мал қырылды. 

Малдың неден қырылып жатқанын анықтау үшін сынақтары алынды. Зерттеулердің қорытындысы пастереллез бен қараталақтың қатысы жоқтығын көрсетті. Олар үй жануарларының өлімінің киіктердің қырылуына байланысы жоқ деп есептейді. Шенеуніктер малдың неден қырылғанын атай алмай отыр. Оның үстіне, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Аян Ықылас малдардың қырылуын қалыпты жағдай деп есептейді. "Жыл сайын жаппай өлген малдың саны өзгеріп отырады, мәселен, өткен жылы көп болған", - деді шенеунік. Оның айтуынша, жануарлардың қырылуына деген назардың ерекше аударылып отырғаны осы облыстардағы киіктердің қырылып қалуымен байланысты "дүрлігу" ғана.

Осыған дейін Ақтөбе облысында пастереллез ауруына қарсы вакцинаның 10 мың мөлшері сатып алынды. Ал мұның алдында облыс билігі киіктердің қырылуы мен үй жануарларының өлімінің арасында байланыстың жоқтығын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети