21 мамыр 2021 09:26

Ақтөбе перзентханасында босанған әйел қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

19 мамыр, сәрсенбіде Ақтөбе облыстық перинаталдық орталық ғимаратына наразылық білдірген ондаған адам келді. Онда 30 жастағы Аймира Атшыбаева босанғаннан кейін қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" және "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


19 мамыр, сәрсенбіде Ақтөбе облыстық перинаталдық орталық ғимаратына наразылық білдірген ондаған адам келді. Онда 30 жастағы Аймира Атшыбаева босанғаннан кейін қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" және "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтөбелік әйел былтыр тұрмысқа шыққан. Банкте кеңесші болып жұмыс істейді. 17 мамырда әйел тұңғыш баласын дүниеге әкеліп, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған. Туыстарының айтуынша, бес сағат ота жасалған.

"Бұған дейін Аймира осында, орталыққа келген. Бірақ толғақ жалған болды. Орталыққа өзі келді. Ол тексеріліп жүрген емханада ешқандай ескерту жасалған жоқ. Қайтыс болғаннан кейін Аймирада өкпе және жүрек жеткіліксіздігі болған деп жазыпты. Ол 16.30-да босанды. Бізге ешкім ештеңе айтқан жоқ. Ал оны қан кетуіне байланысты отаға кіргізген екен. Бұл туралы Аймирамен бір палатада жатқан әйелден естідік. Ол Аймира босанғанда жанында болған. Кейін Аймира 20.30-да қайтыс болды. Ал туыстарына тек түн ортасында хабар келді. 18 мамырда баланы үйге алдық. Бала - 4 500 грамм. Бірақ оның аяғында проблемасы бар. Аймира бүгін, 19 мамырда жерленді", - деді марқұмның туысы Гүлден.

Марқұмның туысы Әлия Атшыбаеваның айтуынша, Аймира белгіленген уақытынан 14-17 күнне кеш босанған. Ол дәрігерлердің шара қолданбағанына наразы. Аймира орталыққа босанарға дейін бірнеше рет жатқызылған.

Телеарна мәліметі бойынша, Әкімшілікке кірген марқұмның туыстарына перинаталдық орталық директоры Асхат Балықов жағдайды түсіндірген.

"Ол өз күшімен босанды. Осы жағдайда жаппай атоникалық қан кетуі болды. Бірақ жағдайды әйелдің өкпе эмфиземасы мен екі жақты пневмотораксы қиындатты. Бұл коронавирус белгілері бар пневмонияның салдары болуы мүмкін. Әйел 2020 жылы осыған байланысты емделген. Ол сол кезде ауруханада жатқан", - деп түсіндірді дәрігер.

Балықов Аймираның өлімі жыл басынан бері перинаталдық орталықта тіркелген ана өлімінің екінші жағдайы екенін мойындады. Сондай-ақ, ол орталықта қазіргі уақытта адамдар көп екенін айтты. Сондықтан палатада бес әйел болған.

Әйелдің туыстары дәрігерлерді немқұрайды қарады деп айыптап, Аймираның өлімінің мән-жайы туралы бүкіл шындықты сот арқылы анықтауға ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.96   490.7   4.97 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети