27 шілде 2016 17:49

Ақтөбеде "Паллада" мен "Пантера" қару-жарақ дүкендерінің иелеріне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Паллада" дүкені. © Tengrinews.kz "Паллада" дүкені. © Tengrinews.kz

Ақтөбедегі прокурорлық тексерістің қорытындылары бойынша екі қару-жарақ дүкенінің иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.


Ақтөбедегі прокурорлық тексерістің қорытындылары бойынша екі қару-жарақ дүкенінің иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"Паллада" мен "Пантера" дүкендерінің иелеріне қаруды ұстау ережелерін сақтамағаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, облыстық прокуратураның бірінші басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратовтың айтуынша, "Паллада" дүкенінің иесіне қатысты қару-жарақты ұстау ережелерін сақтамағаныны үшін қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Прокурорлардың айтуынша, Ақтөбеде болған терактіден кейін 73 қылмыстық істі тергеу жұмыстары басталған.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети