22 қыркүйек 2016 14:42

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқандардың туыстары "Паллада" иесіне кешірім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Паллада дүкені". © Тengrinews.kz "Паллада дүкені". © Тengrinews.kz

Ақтөбеде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары қару сататын "Паллада" дүкенінің қожайынын бас бостандығынан айырмауды сұрап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары қару сататын "Паллада" дүкенінің қожайынын бас бостандығынан айырмауды сұрап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

№2 қалалық сотта екі жақтың жарыссөздер барысында қайтыс болғандар - сатушы Андрей Максименко мен күзетші Мирхан Тәжібаевтың туыстары "Паллада" дүкенінің қожайыны Артем Горлаевқа кешірім бергенін және наразылықтары жоқ екенін айтқан. Сонымен қатар, соттан оның бас бостандығынан айыру жазасын шығармауды өтінген. Андрей Максименконың ағасы Алексей Максименко айыпталушының үлкен әжесі, кішкентай ұлы бар екенін және әйелінің екінші баласына жүкті екенін айтты.

Лаңкестік болған күні жарақат алған күзет фирмасының жүргізушісі де қарсылық білдірген жоқ, себебі Артем Горлаев оған моральдық өтемақы төлеген. Осыған дейін, 38 жастағы Ойландық Жарманов "Паллада" дүкенінің қожайынына Артем Горлаевтан 5 миллион теңге моральдық өтемақы талап еткен. Ер адам атыс кезінде басынан жарақат алған, оның денесінен 6 оқ шығарылған. Тағы бір оқ бас сүйегінде қалып қойған, оған ота жасау өте қауіпті, себебі бассүйек миына қысылып қалған оқты шығарған жағдайда оның денсаулығына зиян келуі мүмкін. Ол өліп кетуі де мүмкін.  

Мемлекеттік айыптаушы "Паллада" дүкенінің қожайыны Артем Горлаевты 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын қоныс колониясында өтеуді және 3 жылға осы саламен айналысу құқығынан айыруды сұрап отыр. Соттан қару сататын дүкеннің қожайыны Артем Горлаевтың сотталмағанын, кәмелет жасына толмаған баласы барын және жұмыс істейтін және тұратын жерінде оған жақсы баға берілгенін есепке алу сұралды. 

Еске салайық, қару-жарақ дүкенінің 28 жастағы қожайыны қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарап, салдарынан адамдардың қаза табуына себеп болуына байланысты айыпталған. Бап бойынша ол екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол өзіне тағылған айыпты толығымен мойындаған. 

Теракт болған күні "Паллада" дүкенінде сатушы, күзетші, кездейсоқ сатып алушы, дүкеннен шыға берісте зейнеткер қаза тапқан еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети