08 желтоқсан 2014 17:27

Ақын Конгресс-холды Айтыс сарайы деп өзгертуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ru.wikipedia.org ©ru.wikipedia.org

Астанада Конгресс-холды Айтыс сарайы деп өзгерту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясының сайтына сілтеме жасап.


Астанада Конгресс-холды Айтыс сарайы деп өзгерту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясының сайтына сілтеме жасап.

Мұндай ұсынысты ақын Айнұр Тұрсынбаева "Алтын домбыра" фестивалі өтіп жатқан кезде жасады. Тұрсынбаева Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа Конгресс-холл сахнасында Тәуелсіздік күніне орай "Мәңгілік ел - Мұратым" республикалық айтысы барысында айтты. 

"Әріптесіммен айтысып жатып, мен Конгресс-холлды Айтыс сарайына өзгертуді ұсындым, енді Сіздің бұл бастаманы қолдауыңызды сұраймын", - деді ол Сапарбаевқа.

Екікүндік айтыстың қорытындысы бойынша, "Алтын домбыраның" бас жүлдесін ақын Балғынбек Имашев жеңіп алды. Бірінші орын осы жарыстың былтырғы жеңімпазы Жандарбек Бұлғақовқа берілді, екінші орын - Еркебұлан Қайназар. Үшінші орынды Бекарыс Шойбекова мен Айнұр Тұрсынбаева өзара бөлісті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети