30 қаңтар 2014 13:17

Алакөлдің мұзынан 15 балықшы құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Шығыс Қазақстан облысында Алакөл көлінің мұзынан 15 балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақтық ТЖД мәліметінше, 29 қаңтар күні кешке қатты боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан осы кезде көлде болған балықшылар жолдан адасып, жағаға шыға алмай қалған. Осыған байланысты Алакөл судан-құтқару станциясының қызметкерлері балықшыларды апаттан құтқаруға көмекке келген. "Алакөл көлінің мұзынан бес бірдей жеңіл автокөліктің ішінде отырған 15 балықшы көліктерімен бірге жағаға шығарылды" делінген аталмыш мекеменің хабарламасында. Сонымен бірге құтқарушылар жәбірленушілердің барлығын Қабанбай ауылына дейін шығарып салған. Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Қарағанды облысы Балқаш көлінде ВАЗ автокөлігі мұз астына батып кеткен болатын. Осының салдарынан 44 жасар жүргізуші қаза болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети