11 наурыз 2015 16:05

Алаяқтар Алматы хайуанаттар бағы есебінен пайда таппақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматы хайуанаттар бағы Интернет қолданушыларына әлеуметтік желілерде жануарларды бағуға қажетті ақша аударуды сұрайтын алаяқтардан сақтануды ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы хайуанаттар бағы Интернет қолданушыларына әлеуметтік желілерде жануарларды бағуға қажетті ақша аударуды сұрайтын алаяқтардан сақтануды ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алаяқтардың хабарламасы Интернет кеңістігінде бірнеше күн бұрын пайда болды. Онда хайуанаттар бағы қиын кезеңді бастан өткеріп жатқаны, сол себепті оларға бағымдағы хайуандардың үштен бірін сатуға тура келіп отырғаны туралы жазылған. Алаяқтар виртуал әмиянның нөмірін көрсетіп, соған аударылған азғана соманың өзі жануарларды сақтап қалуға септігін тигізетінін хабарлаған.

"Бұл жолы алаяқтардың өтірігі Алматы хайуанаттар бағы туралы болып отыр. Алаяқтар бұл хабарландыруды әлеуметтік желілерде орналастырды. Сондықтан хайуанаттар бағының басшылығы азаматтар мен қала тұрғындарынан мұндай арандатушылыққа көңіл аудармауды сұрайды", - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі. 

Мекеме басшылығы құқық қорғау органдарына шағымданды. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алаяқтар Алматы зообағын табыс табу үшін тұңғыш рет пайдаланылып отырған жоқ. Қызметкерлердің айтуынша, әлеуметтік желілерде осындай хабарламалар бұрын да тараған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети