10 маусым 2014 21:58

Алдағы аптада Қазақстандағы ауа райы жауын-шашынды болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ауа райы маусымның аяғына дейін жауын-шашынды болады, жаздың аптап ыстығы біздің елге тек осы айдың соңында ғана келеді. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидромет" РМК-ның  ұзақ мерзімге болжам жасау бөлімі айтып берді.


Қазақстанда ауа райы маусымның аяғына дейін жауын-шашынды болады, жаздың аптап ыстығы біздің елге тек осы айдың соңында ғана келеді. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидромет" РМК-ның  ұзақ мерзімге болжам жасау бөлімі айтып берді.

Айдың екінші онкүндігінде еліміздің барлық аумағында жаңбыр жауады. Нормадан тыс жауын-шашын мөлшері Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады деп болжануда. Ауаның температурасы солтүстікте 20-25 градус аралығында тербелсе, батыс пен шығыста 25-30 градус аралығында, ал оңтүстікте 27-32 градус аралығында болады.

Айдың аяғына қарай Қазақстанда күн ашылып, аптап ыстық келеді. Кейбір жерлерде ауаның тепературасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Ең ыстық ауа райы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болады деп болжанып отыр.

Бұған дейін Қазақстанда ауа райы Ресейдің еуропалық бөлігінен циклонның келуіне байланысты өзгереді деп мәлімденген. Ол жаңбыр мен қоңыр суықты алып келеді, одан кейін елімізге оңтүстік-батыс ауа ағындары жетеді, алайда бұдан кейін де ауа райы тұрақты болмайды – күн күркіреп, жаңбыр жауып, өкпек жел тұруы да мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети