Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? © sevastopol.su

Синоптиктер 24-26 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 24-26 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері қар жауып, бұрқасын болады.

"Циклон мен антициклондардың тез бірінен соң бірінің ауысуымен байланысты Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының күрт ауытқуы болжанады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтілмейді, бірақ атмосфералық фронттармен бұл аймақтарда жылбысқы қар, таулы аймақтарда қатты қар, көктайғақ және тұман болуы мүмкін", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 23 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстаң соғатын желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжанып отыр.

Петропавлда да 23 қаңтарда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстаң соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети