11 маусым 2014 20:09

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы үш күнде Қазақстанда күн ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 


Алдағы үш күнде Қазақстанда күн ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

Республикамыздың барлық аймақтарында алдағы үш күнде ауа температурасы 28-35 градус шамасында жылы болып тұрады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда 36-41 градусқа дейін жетеді. Мұндай көрсеткіштер, синоптиктердің болжамы бойынша, климаттаттық қалыптан 4-8 градус жоғары.

Ал батыс аймақтарда аздап ыстық болады. "Ауа райына төмендетілген атмосфералық қысым әсер ететіндіктен кейбір аймақтарда найзағайлы өткінші жауын және бұршақ болады, бұршақ болған жағдайда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді", - деп хабарлайды "Қазгидромет".

Бұған дейін хабарлағанымыздай айдың екінші онкүндігінде еліміздің барлық аумағында жаңбыр жауады. Қалыптан тыс жауын-шашын мөлшері Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады деп болжануда. Ауаның температурасы солтүстікте 20-25 градус аралығында тербелсе, батыс пен шығыста 25-30 градус аралығында, ал оңтүстікте 27-32 градус аралығында болады.

Айдың аяғына қарай Қазақстанда күн ашылып, аптап ыстық болады. Кейбір жерлерде ауаның температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Ең ыстық ауа райы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болады деп болжанып отыр.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети