15 қазан 2014 15:22

Алдағы үш тәулікте күн жылы әрі ашық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

16-18 қазан аралығында Қазақстанда күн жылы, аз бұлтты әрі жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. Еліміздің солтүстік облыстарында ғана жаңбыр жауып, кей жерлерде ол қарға ұласады. Бұған атмосфералық таралымдардың үздіксіз ауысуы себеп болады.

Мамандардың айтуынша, тұтас алғанда, Қазақстанда ауа райы тұрғындарға жайлы болады. "Қазақстанда нағыз шыбынсыз жаз қалыптасты. Алдағы күндері осындай ауа райы қуантатын болады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері. Айта кетейік, өткен үш күн ішінде де елімізде жылы күндер болған еді. Синоптиктер ауа температурасының нормадан 3-5 градусқа жоғарылайтынын болжаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін мамандар қазан айының ортасында елімізде күн суық болатынын, қар аралас жаңбыр жауатынын хабарлаған еді. Күннің суытуына солтүстіктен суық ауа массаларының келуі себеп болды. Синоптиктердің мәліметінше, қазан айының соңында ауа температурасы тағы да төмендейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети