12 сәуір 2022 13:58

Әлеуметтік желілер бұғатталмайды - Умаров кибербуллинг заң жобасы туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: pexels.com Иллюстрация: pexels.com

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Асқар Умаров балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заң жобасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Асқар Умаров балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заң жобасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерді бірден бұғаттайды деген ақпарат жалған. Егер НҚА сайтын ашып қараса, балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заң Сенаттан өткеннен кейін қабылдануы мүмкін екенін көруге болады. Олар Сенаттан өте ме, жоқ па белгісіз. Себебі қазір қызу талқылаулар жүріп жатыр. Біз тыңдаушы мемлекетте тұрамыз, сондықтан бірінші талқылауға саламыз. 

Заң қабылданған күннің өзінде әлеуметтік желі әкімшіліктері біз ұсынған талаптарды орындағысы келмесе ғана шектеу туралы мәселе туындайды", - деді министр Үкімет аясында.

Оның айтуынша, заң жобасының нормалары қабылданса, әлеуметтік желілер Қазақстанда өз өкілін тағайындауы керек.

"Негізі, әлеуметтік желілер өкіл жіберсе олармен байланысу оңайырақ болатын еді. Балаларды қорлайтын контент анықталса бірден хабарласып шешетіндей. Лос-Анджелеске немесе Майамиге сұрау жіберіп, оны айлап, жылдап күтіп отырмайтындай", - деді министр.

Ақпарат министрлігінің басшысы қоғам бұл заң жобасына 100 пайыз қарсы деп айта алмайтынын айтты.

"Қазір талқылау жүріп жатыр, оны жұртшылықпен талқыладық. Сенаттан кейін заң қандай болады, әзірге білмейміз", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.85   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети