18 қараша 2014 15:22

Алғашқы әскери дайындық пәні оқытыла береді - министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстанның білім беру мекемелерінде алғашқы әскери дайындық пәні алып тасталмайды, бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы.


Қазақстанның білім беру мекемелерінде алғашқы әскери дайындық пәні алып тасталмайды, бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Шенеуніктің айтуынша, Алматыдағы колледжде болған жарылыстан кейін бірден құрамына ҚР Білім және ғылым министрі өкілдері мен күш құрылымдары ведомствосының өкілдері кірген жұмыс тобы құрылды. Өңірлерге оқу гранаталарын сабақта қолданбауға дәне теориялық бөліммен оқыту тапсырылды. "Пәнді алып тастау туралы мәселе тұрған жоқ. Мен сіздерге барлық нормативтік-құқықтық актілерді бере аламын. Бұл осы сабақ туралы әскерге баруға міндеттелген балалардың алғашқы дайындығы туралы ережелер", - деді Иманғалиев. 

Осыған дейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке оқу орындарында алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың қажеттілігін қайта қарауды ұсынған еді. Ол өз ұсыныстарын хатта баяндады, оны мәслихат депутаттары оқып берді. Хатта оқу орындарында қолданылатын алғашқы әскери дайындық жөніндегі бағдарламаның кеңес заманынан бері өзгертілмегені айтылады. Әкім бағдарламаның қажеттілігіне күмән келтірді. 

Еске сала кетейік, 17 қараша күні Алматы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық пәнінде граната жарылған еді. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз Светлана Яковлева қайтыс болды. 12 адам ауруханаға түсті. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаға байланысты "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети