31 қаңтар 2014 15:10

Әлиевке қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Әлиев ©Аzattyq.org Рахат Әлиев ©Аzattyq.org

Өтембаев ісін қайта қарап жатқан сотта прокурор Ғалымжан Тілеубаев Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевқа қатысты қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығаруды сұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі сот залынан хабарлайды. "Сәрсенбаев, Журавлев, Байбосындардың өлімін ұйымдастыруға қатысы барын тексеру мақсатында прокуратура органдарына Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевқа қатысты қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығаруды соттан сұраймыз", - деді мемлекеттік айыптаушы қарсы тараптарды қатар тыңдау барысында. Бұған дейін Тілеубаевтың Ержан Өтембаевқа мүлкін тәркілеу мен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрағанын хабарлаған едік. Прокурор оның ісін "Жалдау арқылы әрі алдын ала сөз байласып, топ болып қылмыс жасауға жәрдем беру" бабы бойынша қайта бағалау керек деп есептейді. Алайда жәбірленуші тарап бұл пікірмен келіспейді. Олар соттың қылмыстың мән-жайын толық талқылап болмағанын алға тартып отыр. Тараптарды тыңдаудан соң сот 10 минутқа залдан кетіп қалды, содан кейін отырыс қайта жалғасты. Сотталушы Өтембаев процеске қатысты пікірін білдірді. "Біздің сот жүйесі сапалы жұмыс жүргізді. Сегіз жылда тұңғыш рет Ибрагимов кісі өлтіргенін мойындады. Сот ақыры "Өтембаев кісі өлтіруге тапсырыс берді" деген пікірден арылды. Бұл - ақиқат жолындағы үлкен жетістік. Меніңше, соттың мұнысын бағалау керек. Әрине, мен өзімді тапсырыс беруші санатынан қылмысқа дем беруші қатарына қосып қойғанына қатты таңғалып отырмын. Бұл - ақылға сыймайтын нәрсе. Бұл - сандырақ. Өз әрекетімнің қылмысты жасауға себеп болғанын мойындап келемін. Мен өз жазамды алдым", - деді ол. Өтембаев ісіне қайта баға беру туралы прокурордың пікірімен Өтембаевтың адвокаты Анжелика Әжіғұлова да келіспейді. Сот болса, ақырғы үкімді 3 ақпанда шығаратынын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети