10 ақпан 2014 20:34

Алкогольді саудалауға қатысты жаңа заң күшіне енеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанда спирттік ішімдіктерді кешкі 21.00-ден күндізгі 12.00 аралығында саудалауға тыйым салатын жаңа заң жобасы 2014 жылы мамырда күшіне енеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазалко" қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев мәлім етті. "Қазақстандағы алкогольді өнімдердің айналымын және өндірісін мемлекеттік бақылауда ұстау жөніндегі заң актілеріне толықтырулар енгізу туралы" заңды жетілдіруге арналған жұмыстар 2013 жылы басталған және ол заң дәл қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Бұл заң жобасы сәуір-мамыр айларында Сенатқа, ал одан әрі Президенттің қол қоюына жіберілетін болады. Еске саламыз, бүгінде тек 23.00-08.00 аралығында ғана спирттік ішімдіктерді саудалауға тыйым салынып келген болса, ал жаңа заң күшіне енгенде тұрғындар 21.00-ден 12.00-ге дейін алкоголь сусындарын сатып ала алмайтын болады. Жаңа заңда көрсетілгеніндей енді бірер айдан кейін жанармай құю стансалары, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері маңында да алкоголь өнімдерін саудалауға мүлдем тыйым салынатын болады. Қалиевтің айтуынша, тұрғын үй аулаларында жұмыс істеп тұрған дүкендерге спирттік ішімдіктерді саудалауда еш кедергі болмағанымен, алдағы уақытта оларға да тәртіпке бағыну талабы қойылатын болады. "Менімше бұл орынды талап. Ішімдікті сатып алу уақытты шектелген сайын тұрғындар оны ішуді де ақырындап ұмыт қалдыра беретіні сөзсіз", - деді ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің бұрынғы төрағасы Әнуар Жұмаділдаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети