Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн-брифинг барысында мектеп оқушылары екінші тоқсанда қалай оқитынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн-брифинг барысында мектеп оқушылары екінші тоқсанда қалай оқитынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ауру деңгейі тұрақты түрде төмендей бастаған кезде дәстүрлі білім беру жүйесіне біртіндеп көшу қарастырылады. Санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жүйелі білім берудің бірінші кезеңінде 1-4 сынып оқушылары көшеді. Екінші кезеңде 5-11 сыныптар қарастырылады. Бұл шешім Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментімен бірлесіп қабылданады", - деді Қайрат Жұманов.
Еске салайық, 14 шілдеде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында 1-11 сынып оқушылары қашықтан білім алатынын мәлімдеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!