07 сәуір 2016 12:08

Алматы автопаркіндегілер жүргізушілердің жалақысы неге төмен болғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алхабаев © Шоқан Алхабаев

Алматыдағы №1 автопаркіне иелік ететін Green Bus компаниясының өкілдері жүргізушілердің жұмысқа шықпай қойғанына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы №1 автопаркіне иелік ететін Green Bus компаниясының өкілдері жүргізушілердің жұмысқа шықпай қойғанына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компанияның директоры Бауыржан Құлышев жалақының аз болуын жүргізушілердің жоспарды орындамайтынымен түсіндірді. Айтуынша, жүргізушілер жоспар бойынша емес, жұмыс сағаты бойынша жұмыс істеп үйреніп қалған. "Green Bus компаниясы 1 ақпаннан бастап жұмыс істей бастады, ақпан айының жалақысын біз толықтай төледік, наурыз айы үшін де төледік. Жүргізушілер істеген күндер бойынша 120-150 мың теңгеден алуы керек еді. Бірақ олар 60-70 мыңнан алды", - деді Құлышев.

Компания директорының айтуынша, бұл жағдай жүргізушілердің соңғы бес жыл бойында айналып жүре бергені үшін жалақы алып үйреніп қалуымен байланысты. "Автобустар кесте бойынша жүрмеген жағдайларда жолаушылардан өте көп шағым түседі. Жүргізушілер адамдар көп жүретін кезде шықпай қояды, соңғы аялдамаға тұрып алады, ал адамдар азайғанда шығады да, айнала береді. Олар 5 рет айналуы керек, бірақ  6-7 рет айналады, бірақ адамдарды тасымалдамайды. Олар өз уақытында келеді, өз уақытында кетеді, бірақ алып келуі тиіс жолаушыларды алып келмейді", - деді Құлышев.

Green Bus директоры жүргізушілердің жалақысының қалай есептелетінін айтты: "Олар алуы тиіс жалақы үш бөліктен тұрады. Біріншісі, шартты түрде айтсақ, адам 16 сағат жұмыс істеп, тариф бойынша 205 теңге алуы тиіс - бұл айына шамамен 50 мың теңге. Екінші бөлігі - түрлі қоса берілетін ақша - тұрақтылық, түнгі графиктер, киім формасы, бұл қорытындысында шамамен 70 мың болады. Үшіншісі - жүргізуші жоспарды орындаған жағдайда, мұндай кезде жүргізушіге 50 мың теңге беріледі. Яғни оның 500 адамды алып келуге жоспары бар, ол оның кем дегенде 95 пайызын алып келуі керек". Алайда, директордың айтуынша, бүгін жұмысқа шықпаған жүргізушілер жоспардың 70-73 пайызын ғана орындаған. 

Еске салайық, бүгін Алматыдағы №1 автопаркінің 70-ке жуық жүргізушісі жұмысқа шықпай қойған еді. Айтуларынша, олар маршруттарға автопарк басшылығы жалақыны өсірмейінше шықпайды. "Біздің автобус паркіміз муниципал болғанда мен 120 мың теңге айлық алатынмын. Бірақ осымен екінші ай тиын-тебен алып жүрміз. Өткен айда 26 мың теңге алдым, кейін жақсы болады деп уәде берген, жұмысты жалғастыра берсек, 100 мың теңге беретінін айтқан. Қазір маған 57 мың теңге жалақы берді. Олар біздің еңбегімізді бағаламай отыр ғой", - деді жүргізушілердің бірі. Автопарк жүргізушілері өткен екі айдағы жалақыны бермесе, жұмысқа шықпайтынын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети