15 мамыр 2017 10:10

Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжан Ештай Ақжан Ештай

Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай қайтыс болды. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер растады.


Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай қайтыс болды. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер растады.

"Кеше, 14 мамырда кешкі уақытта Ақжан Ештай Жайлауханұлы 56 жасында қайтыс болды", - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов.

Ақжан Ештай Жайлауханұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. Үйленген, төрт баласы бар. Қызметтік жолын 1983 жылы Торғай облысындағы адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтуден бастаған. 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөнідегі алқасының төрағасы, 2005 жылы ҚР Жоғарғы сотының судьясы, 2009 жылы Ақмола облыстық сотының төрағасы болып жұмыс істеген. Ал 2013 жылы Алматы қалалық сотының төрағасы қызметінде болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети