18 тамыз 2015 14:30

Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter © Twitter

Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Айбар Олжаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Айбар Олжаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызметтен кету туралы арызды ол бір апта бұрын берген, арыз 18 тамызда қанағаттандырылды. Айбар Олжаевтың жаңа қызметке орналасатыны белгілі болды, қазір ол келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Мен Ахметжан Смағұлұлы Есімовке маған сенім білдіргені үшін шексіз ризамын. Мұндай адамның жетекшілігінде жұмыс істеу арқылы үлкен тәжірибе жинауға болады, 2017 жылы халқымыз EXPO көрмесін абыроймен өткізеді деген сенімдемін. Ахметжан Смағұлұлының қиын мәселелерді шешуде үлкен тәжірибесі бар. Сонымен қатар, Алматының қазіргі әкімі Бауыржан Байбекке табыс, денсаулық тілеймін", - деді ол.

Еске сала кетейік, 9 шілдеде Алматы әкімі ауысты. "Нұр Отан" партиясының төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбек оңтүстік астанаға әкім болып келді. Ал Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети