02 шілде 2022 | 15:59

Алматы-Қаскелең жолының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: ҚР ИИДМ Иллюстрациялық фото: ҚР ИИДМ

Алматы - Қаскелең магистралдық эстакадасының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.


Алматы - Қаскелең магистралдық эстакадасының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ҰК Алматы облыстық филиалы 2022 жылдың 2-10 шілдесі аралығында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты "Алматы-Қаскелең" бағыты бойынша бас магистральдық эстакаданың бір бөлігі жабылатынын хабарлайды. Бұл "Алтын Орданың" 16-19 шақырымы. 

"Бұл негізгі магистралдық эстакададағы уақытша жабынның төменгі қабатының жай-күйіне қатысты көптеген шағымдарға байланысты. Мердігер ұйым жабынның уақытша төменгі қабатын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кейіннен оның жоғарғы асфальтбетон қабатын аяқтайды", - делінген хабарламада.

Компания өкілдері жүргізушілерден жүретін жолын алдын-ала жоспарлауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети