10 тамыз 2017 14:07

Алматы маңындағы ұшақ апатының алдын ала себептері айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматы маңындағы ұшақ апатының алдын ала себептері айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы маңындағы ұшақ апатының алдын ала себептері айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 10 тамызда сағат 09.53-те Азаматтық авиацияның тіркеу нөмірі UPLA 231 "Технам 2002" әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындағаннан кейін әуе апатына ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу кезінде әуе кемесі жоғары көтеріліп, құлап, соның салдарынан ұшақ түгелдей өртеніп кеткен. Апат кезінде ұшақ ішінде - ұшқыш-инструктор мен курсант болды. Екеуі де қаза тапты", - деді ҚР Инвестиция және даму министрлігінің көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры Жәнібек Тайжанов. 

Оның айтуынша, ұшақ қажетті биіктікке көтерілгеннен кейін құлаған. 

"Министрлік осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрды. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр", - деді ол. 


Әуе апаты болған жер. © Tengrinews.kz

Тағы бір видео Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында пайда болды.

Алматы түбінде әуе апатына ұшыраған "Технам 2002" ұшағы жайлы не білеміз?

Еске салайық, бүгін Алматы түбінде ұшақ құлады. Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі екен. Курсант пен инструктор қаза тапты. 

Азаматтық авиация Комитеті өкілдерінің мәліметінше, бүгін сағат 09.53-те "Технам 2002" әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындағаннан кейін құлаған. 

Қазіргі уақытта ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети