30 қазан 2014 12:44

"Алматы-марафон" ұйымдастырушылары жүгіруге тегін дайындалуға көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы марафоны. ©Ярослав Радловский Алматы марафоны. ©Ярослав Радловский

"Алматы-марафон" ұйымдастырушылары World Class Almaty фитнес-клубының төрт абонементіне ұтыс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мен марафондықпын!" байқауының жеңімпаздары - екі ер адам мен екі әйел адам үш ай бойы кәсіби бапкердің нұсқауымен жаттыға алады.


"Алматы-марафон" ұйымдастырушылары World Class Almaty фитнес-клубының төрт абонементіне ұтыс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мен марафондықпын!" байқауының жеңімпаздары - екі ер адам мен екі әйел адам үш ай бойы кәсіби бапкердің нұсқауымен жаттыға алады.

Байқауға қатысуға бұрын спортқа көңіл бөлмеген, бірақ өмірін өзгертуге дайын адамдар шақырылады. Кәсіби спортшылар мен спорттық дәрежесі бар адамдар ұтысқа қатыса алмайды. Жеңімпаздар әңгімелесудің нәтижесінде іріктеледі. "Алматы-марафон" ұйымдастырушылары жариялаған байқауға қатысу үшін марафонның ресми сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Іріктеу 1-30 қараша аралығында өтеді. Төрт финалист алдағы марафонға дайындығы туралы есеп беруі тиіс. Олар 2015 жылдың 26 сәуірінде IV Алматы марафонында 42 шақырым 195 метр қашықтыққа жүгіріп шығуы керек.

Қайырымдылық мақсатындағы жарысқа дайындық нәтиежелерін Марафон.kz сайтынан және фитнес-клуб порталынан, сондай-ақ әлеуметтік желілерден де білуге болады. Сонымен бірге, "Мен марафондықпын!" жобасының мақсаты - қала тұрғындары арасында салауатты өмір салты мен спорт құндылықтарын насихаттау. "Біз спортпен айналысуға, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға ешқашан кеш болмайтынын көрсеткіміз келеді. Біз өз жобамыз көпшілікті іс-әрекетке итермелейтін болады деп үміттенеміз!" - дейді "Алматы-марафон" ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети