18 сәуір 2014 13:04

Алматы мен Шарм-аш-Шейх арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Мысыр үкіметі биыл жазда Алматы - Шарм-аш-Шейх бағытында тұрақты тікелей әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мысыр үкіметі биыл жазда Алматы - Шарм-аш-Шейх бағытында тұрақты тікелей әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы елшісі Берік Арын елдің Уақыфтар министрі Мұхтар Жұмамен және Туризм министрі Хишам Заазумен кездесті.

"Министр Заазу Мысырдың қазақстандық туристерді тартуды қалайтындығын жеткізді және оны жүзеге асыру мақсатында МАР үкіметінің биылғы жаз мезгілінде Алматы мен Шарм-аш-Шейх арасында тікелей әуежолы байланысын ашу бойынша тиісті шараларды қолға алуды жоспарлап отырғанын хабарлады", - делінген баспасөз парағында.

Сонымен бірге, тараптар екі ел арасындағы білім және дін саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында "Нұр-Мүбәрак" бірлескен қазақ-мысыр университеті қызметінің алдағы даму болашағы жөнінде пікір алмасты. Мысырлық министр осы университетті үздік бітірушілердің келешекте Әл-Азһар университетінің магистратурасына қосымша талаптарсыз қабылдануын, сондай-ақ, Әл-Азһардың қазақстандық оқу орнының дипломдарын тануын қамтамасыз ету үшін аталмыш жоғарғы оқу орнындағы білім беру сапасын көтеру бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети