08 тамыз 2017 13:23

Алматы облысында Hummer төбесіне шығып кеткен жігіт үшін жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Hummer H2 жол талғамайтын көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды, таяуда оның көлігінің төбесіне той кортежіне қатысушы жігіттердің бірі шығып кеткен еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД өкілдері мәлімдеді. Өткен аптада желіде осы оқиғаның видеосы жарияланған болатын. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 5 тамызда Қаскелеңде той кезінде болған. "Hummer H2 жүргізушісі - Қарасай ауданы Қарғалы ауылының 36 жастағы тұрғыны бұрындары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық заңының 593-бабы ("Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердiтасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы") бойынша жауапкершілікке тартылғаны анықталды", - деді ІІД өкілдері. 

Еске салайық, Hummer төбесіне шығып кеткен жігіттің видеосы Желіде қызу талқыланған болатын. Видео Instagram желісіндегі Eap_kz паблигінде жарияланды. Үш сағаттың ішінде осы видеоны 50 мың қолданушы қарап үлгерген. 

Видеода бір топ жастардың Hummer лимузинімен кетіп бара жатқаны түсірілген. Солардың бірі Hummer төбесіне шығып алған. Оның әрекетін достарын қолдап, қолпаштай кеткен. Автокөлік нөміріне сәйкес, автомобиль Алматы облысына тіркелген. 

Я дарю стиль __ #каканаесть #есьже #атдущи

Публикация от Есьже, я приезжий! (@eap_kz)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети