12 қаңтар 2016 09:20

Алматы облысында бес оқушы қыз жүкті болып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobetimes.kz © aktobetimes.kz

Алматы облысының Ескелді ауданында бес оқушы қыз жүкті болып қалып, ана болуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды "31 арна". Бұл туралы қыздар әйелдер кеңесіне жазылғаннан кейін белгілі болған.


Алматы облысының Ескелді ауданында бес оқушы қыз жүкті болып қалып, ана болуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды "31 арна". Бұл туралы қыздар әйелдер кеңесіне жазылғаннан кейін белгілі болған.

Ал бұл тек ресми деректер. Мұндай жағдайлардың бізге белгісізі қаншама. Дәрігерлер өз кезегінде ерте бастан жыныстық қатынасқа түсудің салдары ауыр болатынын айтып отыр - бұл алдын алу шараларын жүргізбеген мектептің және жасөспірімдерді қараусыз қалдырып, жыныстық тәрбие бермеген ата-аналардың кінәсі делінеді. 

Ескелді аудандық прокурорлар тағы да бір таңғалдырарлық статистиканы жария етті - кәмелетке толмағандардың сексуалдық мәндегі 10 актіснің біреуі өзінің өкіл әкесімен болған. 

"Мұндай жанұялар ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар, прокуратурадағылар кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсудің жауапқа тартылатыны туралы айтып, ескерту жасады", - деп хабарлайды телеарна.

Еске салайық, өткен жылы бір ғана Ақтөбе облысында 62 оқушы қыз жүкті болып қалған. Олардың оны Ақтөбе қаласының мектептерінде оқиды екен. Дәрігерлер болса 2014 жылы бұдан да көп қыз жүкті болғанын айтады - кәмелетке толмаған 99 оқушы тіркеліпті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети