04 қазан 2017 11:13

Алматы облысында болған әуе апаты дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр - Бас көлік прокуратурасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас көлік прокуратурасының өкілдері АН-28 әуе кемесінің апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Бас көлік прокуратурасының өкілдері АН-28 әуе кемесінің апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылдың 3 қазанында 18:50 сағат шамасында Алматы облысы Іле ауданы Междуреченск ауылы маңында "Алматы-Шымкент-Алматы" бағытында әуе рейсін орындау кезінде АН-28 әуе кемесінің апаты болды. Ұшақ бортында 5 адам болған: Цой Г.С. (әуе кемесінің командирі), Кутафин Е.В. (екінші ұшқыш), Акматбаев Б.О. (әуе технигі), Патсаев Т.А. (акушер-гинеколог) және Артыкбаев Ж.Т. (дәрігер-реаниматолог). Көрсетілген тұлғалар қаза болған", - делінген ведомство хабарламада.

Сонымен қатар, хабарламада ұшақтың "East Wing" АҚ тиесілі және сол күні "Республикалық санитариялық авиация орталы" ШЖҚ РМК санитарлық тапсырмасын орындағаны айтылады.

Ұшақ апатының дерегі 2017 жылдың 3 қазанында Алматы қаласының әуежайындағы ІІЖБ СДБТ Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-тармағымен көзделген қылмыстың белгілері бойынша тіркелген ("Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі және пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу").

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүмыстары жүргіліп жатыр. 

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети