15 ақпан 2017 18:54

Алматы облысында жұмыстан босатылған мұғалім мен соққы көрген оқушы татуласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматы облысында оқушыны сабаған мұғалімге өатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ішкі істер департаментінің мамандары айтып берді. 


Алматы облысында оқушыны сабаған мұғалімге өатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ішкі істер департаментінің мамандары айтып берді. 

"2016 жылы 24 желтоқсанда Іле ауданы Байсерке ауылының № 9 мектебінде болған келеңсіз оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағы ("Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар; іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан") бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша екі жақтың сараптама жасауға қарсылық білдіруіне және де осы қылмыстық істі тоқтату туралы арызына байланысты қысқарды", - деді Алматы облысының ІІД-нің мамандары. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, екі жақтан да бір-біріне наразылығы жоқ екені туралы арыз берген. Еске салайық, осыған дейін мұғалім де полицияға арыз жазған болатын.  

"Өткен жылдың 24 желтоқсанында 2003 жылғы оқушының ата-анасы Іле аудандық ІІБ-ге хабарласып, оқушылардың көзінше баласын ұрып-соққан мұғалімнің үстінен арызданды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс соталды тергеу кезеңінде", - деді Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Айман Мырзекова.

Мұғалім бұл бап бойынша екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл арқалауы, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеулуі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осыған мұғалімнің жұмыстан қуылғаны хабарланған болатын. Еске салайық, оқиға 23 желтоқсанда болған. Видеодағы әйел Іле ауданы Байсерке ауылындағы №9 мектептің химия пәнінің мұғалімі болып шыққан. Сөйтсек, бала мен химия пәні мұғалімінің қызының арасында төбелес болыпты. Қыз осы мектепте оқыған. Әйел үзіліс кезінде келіп, баланы ұрып-соғыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети